Атырау, 23 қараша 09:30
 ашықВ Атырау +5
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Беларусьте "Настоящее Время" сайты және парақшалары экстремистік деп танылды

1 019 просмотра

Беларусьте "Настоящее Время" телеарнасының сайты және әлеуметтік желілердегі парақшалары экстремистік деп танылды, деп хабарлайды Азаттық радиосы.

Шешімді Витебск қаласындағы Железнодорожный аудандық соты 5 қаңтарда қабылдаған. Мұны елдің ақпарат министрлігі ресми сайтында жариялады.

Оған сәйкес, Беларусь аймағында "Настоящее Время", "Настоящее Время. Азия", "Настоящее Время. Док", "Настоящее Время. Беларусь", "Настоящее Время. Сюжеты" және "Настоящее Время. Балтия" жобалары экстремистік сайттар деп жарияланды.

"Настоящее Время" – "Америка дауысы" сайтының қатысуымен "Азат Еуропа/Азаттық" радиосы (RFE/RL) ашқан телеарна. Ол "Ғаламдық медиа агенттігі арқылы (United States Agency for Global Media; USAGM) АҚШ конгрессі тарабынан қаржыландырылады.

"Настоящее Времяның" миссиясы – демократиялық құндылықтар мен институттарды, сонымен бірге адам құқықтарын қолдау.

Телеарна орыс тілінде 24 сағат бойы Ресейде, Украинада, Орталық Азия, Шығыс Еуропа елдеріне және басқа аймақтарда көрсетіледі.

12 қаңтар, 13:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.