Атырау, 26 қараша 01:29
 ашықВ Атырау -1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Сағыз ауылындағы электр желісін қайта жарақтау сауалдар туғызып тұр

904 просмотра

Бұл туралы аудандарға жұмыс сапары барысында Мәжіліс депутаты Дүйсенбай ТҰРҒАНОВ мәлім етті.

Жұмысты мердігер «Теплоэнергострой» ЖШС 2023 жылы бастаған, қайта жарақтау жұмыстары биыл аяқталады деп жоспарлануда. Жергілікті тұрғындар атқарылған жұмыстарға мердігерлердің жауапкершілігін күшейту мәселесін тағы да көтерді. Мысалы, «Теплоэнергострой» жұмысының сапасы мен орындалу мерзімі көңіл көншітпейді.

Электр тарату желілерінің басым бөлігі Атырау ҚТЖ дистанциясының балансында болғандықтан, ауыл тұрғындарын сенімді электр қуатымен қамтамасыз ете алмай отырғаны жағдайды одан сайын қиындатып отыр.

Кездесу барысында Сағыз ауылын сумен қамту және жаңа су құбырын тарту мәселелері көтерілді. Депутат бұл жобаларды қаржыландыру мәселесінде қолдау білдіруге уәде берді. Миялы, Тасшағыл ауылдарында да осындай мәселелер бар.

Дайындаған Жомарт ӘМІРХАНОВ

11 қаңтар, 16:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.