Атырау, 26 қараша 00:46
 ашықВ Атырау -2
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Сарапшылар "Барселона" "Осасунаны" жеңеді — бірақ гол жіберіп алады деген ойда

863 просмотра

“Барселона”

 "Барса" осы маусымда тұрақсыздық көрсетіп отыр. Сенімді және әдемі жеңістер мен кенеттен ұпай жоғалтуы алмасып келе жатыр, бір сөзбен айтқанда "бірде - көл, бірде -шөл". Жанкүйерлер қобалжуда, Хави жүйкесі тозуда: әдетте өзіне бекем болып келетін каталондықтардың бапкері Ла Лигада "Лас Пальмаспен" өткен матчында ашу үстінде, төрешінің анасына сөз тигізді. Ойланып қарасақ, бәрі қисынды. "Барселонаның" әлі де қаржылық қиындықтары бар сияқты, оған дәлел,, маусымның қақ ортасында АҚШ-тағы жолдастық кездесуге тек гонорар үшін баруға мәжбүр болғандығы. Оған қоса, команданың жетекші ойыншылары әлі де лазаретте. Марк-Андре Тер стеген арқасын емдеуде, Маркос Алонсо жақында беліне ота жасады, ал Гавидің тізе жарақатын емдеу үстінде екендігі құпия емес. Бірақ, "Осасунамен" өтетін матчында "Барса" - фаворит, оған ұсынылған  1.43 коэффициенті барлығын айқын етеді.

 "Барселонаның" соңғы 5 матчы (3-1-1, 11-9)

 Испания Кубогы. "Барбастро" - “Барселона”2:3

Ла Лига. "Лас Пальмас" - “Барселона” 1:2

Ла Лига. “Барселона”  - "Альмерия" 3:2

Ла Лига. "Валенсия" - "Барселона" 1:1

ЧЛ. “Антверпен”  - "Барселона" 3:2

 “Осасуна”

 Памплондықтар алыптар арасында кішкентай бала болып көрінеді. Оған дәлел ретінде, "Реал", "Барса" және "Атлетико"  Сауд Арабиясына Суперкубокқа баруы үшін  "Осасунаға" 300 000 еуродан қаржылай көмек берген. Дегенмен, "Осасунаны" менсінбеуге болмайды. Бұл команда көктемде Король кубогының финалында "Реалға" нағыз жекпе-жек көрсетті және оның құрамында көз қызықтырар футболшылары бар. Мысалы, қазіргі Ла Лигада 9 гол соққан хорват шабуылшысы Анте Будимир. Алайда, "Осасунада" айтарлықтай шығын бар: аргентиналық шабуылшы Чими Авилья жарақат алды. Футболдан жанкүйерлері "Осасунаның" турнир финалына өтуіне ұсынылған 4.80 коэффициентіне назар аудара алады.

 "Осасунаның" соңғы 5 матчы (3-1-1, 6-4)

 Испания Кубогы. "Кастельон" - “Осасуна” 0: 1

Ла Лига. “Осасуна”  - "Альмерия" 1: 0

Ла Лига. “Мальорка” - "Осасуна" 3:2

Ла Лига. “Осасуна” - "Райо Вальекано" 1: 0

Ла Лига. "Кадис" - "Осасуна" 1:1

 Жеке кездесулер тарихы

 Бетпе-бет кездесулерде "Барсаның" басым артықшылығы бар. "Осасуна" соңғы рет ковид індеті кезеңіндегі 2020 жылы Ла Лигада каталондықтарды жеңген болатын. Сол кездегі  "Камп Ноуда" памплоналықтар "Барселонаны" 2:1 есебімен жеңді.

 Болжам

 "Барса" қорғанысы әлсіз. Соңғы 12 матчта Хави командасы бір рет қана гол жіберіп алмаған. Сондықтан "екеуі де гол соғады" нұсқасына ұсынылған  1.79 коэффициенті  тартымды көрінеді. 

11 қаңтар, 15:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.

Комментарий беру ажыратылған