Атырау, 25 қыркүйек 22:27
 ашықВ Атырау +15
$ 479.71
€ 533.77
₽ 5.16

Қаңтар оқиғасының себеп-салдарын бұрмалап көрсетудің қажеті жоқ -Тоқаев

1 029 просмотра

Egemen Qazaqstan газетіне жуырда берген сұхбатында Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылғы қаңтардағы оқиғаны экстремистер, қылмыстық топтар және әсіресе діншілдер бірлесе қимылдап, мемлекеттік төңкеріс жасамақ болған әрекет деп атады. Олар ел іші­нде үрей туғызып, мемлекеттік инс­ти­тут­тардың қызметін тұралатып, конс­ти­туциялық құрылымның іргесін шайқап, ақыр соңында билікті басып алуды мақсат етті.

Саясаттанушы Данияр Әшімбаев қаңтар оқиғасы: бейбіт шерулер, жаппай тәртіпсіздіктер және ұйымдасқан қылмыс пен радикалды құрылымдардың қатысуымен ҰҚК-нің сол кездегі басшылығы ұйымдастырған бандиттік-террорлық шабуыл секілді үш кезеңнен тұратынын атап көрсетеді. Құқық қорғау органдары әлі күнге дейін қылмыс әлемінің серкесі «Жабайы Арманның» сол оқиғалардағы рөлін анықтауда.  

Мемлекеттік төңкерісті саяси-ақпараттық бүркемелеуді бір жағынан либералдық және батысшыл топтар, екінші жағынан ұлттық популистер мен исламшылар қамтамасыз етті.

Сарапшы сонымен қатар Қантарды Желтоқсанмен және 2011 жылғы Жаңаөзен оқиғасымен қатар атайды. 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы  ешқандай да «демократиялық жастардың тотализмге қарсы наразылығы» емес. Бұл КОКП Орталық Комитетінің республика басшылығын өзгерту туралы шешіміне ықпал ету үшін биліктің бірқатар тобы мен арнайы қызметтері ұйымдастырған әрекет болды. Жастарды үгіттеп, алаңға шығарды, одан соң митингілер тәртіпсіздікке ұласты.

Әшімбаевтың пікірінше, Маңғыстаудағы оқиғалар жергілікті мұнай-газ саласының қаржылық ағындары мен оларды сатып алу процесін бақылауға қатысты элиталар арасындағы қақтығыстың салдары болды. Бұған азық-түлікті жеткізуге, жанар-жағармайдың бұлыңғыр саудасын және логистиканы бақылауға қатысты өңірдің ауқымды көлеңкелі нарығы қосылды. 

Жергілікті халықтың наразылығы «артты» деген мифология – бар болғаны экономикалық күрестің саяси құралы ғана. Сондай –ақ өңірде халық санының көп шоғырлануы оңтүстіктегі туу көрсеткішінің жоғарылығымен бірдей, соның аясында үш облыс руханият пен жергілікті салт-ғұрып сақталған деген желеумен жәрдемқаржының басым бөлігін «қылғытып» жатыр.

Саясаттанушы Марат Шибұтов 2022 жылғы қаңтар оқиғасы туралы баяндамасында мемлекеттік төңкеріс нұсқасына келетін факторларды атап өтеді:

- еліміздің бүкіл өңірінде дерлік барлық көрсеткіш бойынша айтарлықтай ерекшеленетін қимылдардың бәрінің уақытын жүйелеп үйлестіру;

- жалпы алғанда бейбіт митингілер зорлық-зомбылықсыз өтетін Қазақстан үшін шектен тыс зорлық-зомбылық деңгейі;

- әкімшілік ғимараттар мен инфрақұрылым нысандарына (әкімдіктерге, ҰҚК мен полиция департаменттеріне, Көктөбе мұнарасына, телеарналарға және т.б.) шабуыл жасау;

- Маңғыстау облысын қоспағанда, наразылықтар мен тәртіпсіздіктерге қатысушылар арасында құрылымдық саяси талаптардың жоқтығы және диалог жасауға құлықсыздығы;

- бір ғана Алматыда қоғамдық орындардағы 493 камера жойылды, журналистерге көп шабуыл жасалды;

- ҰҚК (кемінде 3) және полиция (кемінде 2) департаменттерінің бір бөлігін қызметкерлер тастап кетті;

- бастапқы кезеңде қате деректер мен бұйрықтардан туындаған күш құрылымдары өкілдерінің арасында астыртын әрекеттер және толық үйлестірілімнің жоқтығы байқалды;

- қару-жарақ дүкендері қасақана тоналды, ал күзет қызметі шақыртуларға келмеді.

Сарапшы сонымен қатар 2022 жылдың 5 және 13 ақпанында Алматыда өткен митингілер қалада ешқандай да аса наразылықтар болмағанын көрсетті деп мәлімдейді. Бұл кейінгі 2022-2023 жылдардағы бейбіт жиындармен дәлелденген.

2022 жылдың қаңтарында қастандық жасаушылардың билікті басып алуына не кедергі болды? Сарапшылардың бәрі дерлік елдегі жағдайды өз қолына алған президенттің батыл шешімі мен мінезін атап өтуде. Ақордадан, тіпті Қазақстаннан кету туралы көптеген ұсыныстарға қарамастан, ол үзілді-кесілді қарсы болып, мемлекет басшысының өз жұмыс орнында қалатынын ашық мәлімдеді.

Оқиғалардың басында Кәрім Мәсімов қамауға алынып, жағдайды бақылауға алу үшін күш құрылымдарында кадрлық ауыс-түйістер жүргізілді. Көтерілісшілер Алматы, Тараз және Талдықорғандағы нысандарды басып ала алмады және күш құрылымдары өкілдері үшін қалаларға кіретін жолдарды жауып тастай алмады. Өз күштерімізді лаңкестікке қарсы операцияға жұмыл­дыруға мүмкіндік берген ҰҚШҰ-ның жедел әрекетін де атап өтпеске болмайды.

Жаппай тәртіпсіздіктер мен бүліктен келген шығынның жалпы сомасы шамамен үш миллиардтай долларды құрады. Төңкерісті ұйымдастырушылар жазаларын өтеп жатыр, арандатушылардың ықпалына түскен азаматтардың барлығына дерлік рақымшылық жасалды.

5 қаңтар, 17:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.