Атырау, 21 қараша 23:46
 ашықВ Атырау +4
$ 495.20
€ 522.34
₽ 4.94

Өңір дәрігерлері пневмонияға қатысты ахуалды тұрақсыз деп атады

1 149 просмотра

freepik.com

Атырау облысының дәрігерлері өңірде өкпе қабынуы (пневмония) дерті бойынша ахуалдың тұрақсыз екенін хабарлады. «АЖ» сауалына жауап бере отырып, облыстық денсаулық сақтау басқармасы вирустық инфекцияның өршуіне байланысты дерттің жиілегенін айтады. Науқастар арасында медицина қызметкерлері де бар.

Басқарма жауабы бойынша, С.Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығы Атырау облыстық филиалының ақпаратына сәйкес, биыл вирустық пневмониямен 68 адам (оның ішінде балалар – 48), бактериологиялық пневмониямен 116 адам (оның ішінде балалар – 71) және патогенді нақтылаусыз пневмониямен 2681 адам (оның ішінде балалар–2270) тіркелген.

Былтыр желтоқсан айында да Атырауда тыныс алу жолдарының инфекциялық аурулары көбейген. Бұл туралы өңірлік коммуникация қызметінде өткен брифингте Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан БАЙДУӘЛИЕВ хабарлады. Бұл айда облыста осы ауру түрлерімен ауырып, 31 414 адам тіркелді. Оның ішінде жедел респираторлық вирустық инфекциясын 24955 адам, 3007 адам бронхит, 540 адам пневмония, 46 адам тұмау жұқтырған. СЭС мамандары былтыр осы брифингте осы көрсеткіштер бойынша эпидемиологиялық ахуалдың тұрақты екенін айтқан.

Ал биыл бұл көрсеткіштер өткен жылмен салыстырғанда төрт есе артқан.

Айнұр САПАРОВА

20 желтоқсан 2023, 23:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.