Атырау, 21 қараша 22:15
 ашықВ Атырау +4
$ 495.20
€ 522.34
₽ 4.94

«Атырауда эпидемиологиялық ахуал тұрақты. Карантиндік шектеу болмайды»

1 701 просмотра

Атырауда соңғы бір айда тыныс алу жолдарының инфекциялық аурулары көбейген. 1 желтоқсаннан бері өңірде 31 414 адам тіркелді. Оның ішінде жедел респираторлық вирустық инфекциясын 24955 адам, 3007 адам бронхит, 540 адам пневмония, 46 адам тұмау жұқтырған. 

Бұл туралы өңірлік коммуникация қызметінде өткен брифингте Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан БАЙДУӘЛИЕВ хабарлады. Оның айтуынша, инфекциялық стационарда қазір 272 адам ем алып жатыр. Оның ішінде 13 адам коронавирустан емделуде. Соңғы тәулік ішінде 11 адам коронавирус жұқтырған. Дегенмен, қазір өңіріміз "жасыл" аймақта тұр. 

Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының уақытша міндетін атқарушы Айсұлу ДОСҚАЛИЕВА эпидахуал өңірде тұрақты, карантин шектеуі туралы әңгіме қозғауға негіз жоқ екенін айтады.

- Егер науқастар саны күрт өсетін болса, облыстың бас санитар дәрігері шектеу енгізу туралы қаулы шығарады.

Айнұр САПАРОВА

30 желтоқсан 2022, 12:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.