Атырау, 26 қараша 05:56
 ашықВ Атырау -1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

​Атырауда апатты үй тұрғындарына жаңа баспана берілді

793 просмотра

Атырау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің сектор меңгерушісі Нұржан Саясат апатты деп таңылған Азаттық көшесі, 76 үй тұрғындарына жаңа үйдің кілтін табыстап, қоныс тойларымен құттықтады.

- 1947 жылы салынған құрылыс апатты үй тізіміне тіркелген болатын. Міне, бүгін сол пәтерлердің иелеріне қалалық бюджеттен «Модерн» жеке тұрғын үй кешенінен үй сатып алып,  кілтін табыстадық. Жыл соңына дейін апатты деп таңылған қосымша тағы бір үй жаңа баспанаға көшіріледі, - деді Н.Саясат.

Жаңа пәтер иелерінің бірі - Айгүл Бекесова өз қуанышымен бөлісіп, ризашылығын білдірді.

- Бүгін көптен күткен қуанышты жаңалық - жаңа пәтерге ие болып жатырмыз. Бүгін облыс және қала әкімідігінің көмегімен жаңа пәтерге қоныстандық. Алда барша үйге мұқтаж адамдар жаңа пәтерге ие болсын деп тілек айтқым келеді, деді Айгүл Бекесова.

19 желтоқсан 2023, 11:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.