Бұл оқиға 18 желтоқсанда сағат 17:00 шамасында Жылыой ауданындағы Қамыскөлде орын алған.
"Тойота Камри" маркалы автокөлігінің жүргізушісі тыйым салу белгілеріне қарамастан Қамыскөл көліне мұз үстіне шыққан. Жағадан шамамен 40 метр ұзағанда мұз ойылып, автокөлік суға батып кеткен.
Зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ. Көлік судан шығарылды.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА