Атырау, 26 қараша 05:33
 ашықВ Атырау -1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Тасжолда полицейлер үш жүкті әйелді перзентханаға жедел жеткізді

Бейнежазба
821 просмотра

Осы демалыс күндері Атырау облысының тас жолдарында полицейлер үш жүкті әйелге көмектесті.

Ақтөбе-Атырау-Астрахань тас жолының 597 шақырымы тұсында патрульдік полиция ротасының қызметкерлеріне жүргізуші келіп, келіншегін шұғыл түрде облыстық перзентханаға жеткізуге көмек сұраған. Сөйтіп жүкті әйел аман-есен дәрігерлерге жеткізілді.

Өткен демалыс күндері Атырау-Орал тас жолы бойында патрульдік полиция ротасының қызмет инспекторлары қызмет атқару кезінде Алмалы бекетіне мейірбике келіп, жедел-жәрдем көлігінің бұзылғанын айтып, ішіндегі жүкті әйелді облыстық перзентханаға шұғыл жеткізуге көмек сұраған. Полиция қызметкерлері болашақ ананы қызметтік көлік салонына мінгізіп, оны перзентханаға аман-есен жеткізген.

Үшінші оқиға да тас жолда болған. Не болғаны туралы нақты мәлімет жоқ, бірақ полицейлер тағы да тез әрекет етіп, толғағы келген әйелді дәрігерлерге жеткізді.

Полицейлердің өзі осындай аз уақыттың ішінде тас жолда үш жүкті әйелге шұғыл көмек керек болатын жағдай сирек кездесетінін айтады.

Айтпақшы, үш келіншек те аман-есен босанып, біреуі ұлды, қалған екі ана қызды болды.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

11 желтоқсан 2023, 20:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.