Бүгін Ресейде президент сайлауының өтетін күні белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі РИА басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Парламенттің жоғарғы палатасының шешіміне сәйкес, дауыс беру 2024 жылдың 17 наурызына бекітілді.
"Ресей Федерациясы Президентінің сайлауы 2024 жылғы 17 наурызға белгіленсін. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі", - делінген қаулыда.
Айта кетейік, Ресейдің қазіргі президенті Владимир Путиннің алдағы сайлауға қатысатыны әлі белгісіз. Ал қарашаның басында БАҚ беттерінде Ресей көшбасшысының бесінші президенттік мерзімге үміткер болатыны, елді "бірнеше онжылдықтағы ең қауіпті кезеңде" басқаруды жоспарлап отырғаны айтылды. Путиннің өзі бұл мәселеге қатысты шешімін науқан басталғаннан кейін жариялайтынын айтты.