Атырау, 26 қараша 07:27
 ашықВ Атырау +4
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Атырауда қорқытып ақша алумен айналысқан топ ұсталды

672 просмотра

6 желтоқсанда Атырауда төрт жас жігіт 2 миллион 600 мың теңге қолма қол ақша алып жатқан жерінен ұсталды.

Полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 1991, 1998 жылғы күдіктілер және 1996 жылы туған екі күдікті жеке кәсіпкерлерден ақша бопсалаған. Олар кәсіпкерлердің әрқайсысынан 5 миллионнан 10 миллион теңге алуды жоспарлаған.

- Күдіктілердің деструктивті діни ағым өкілдері екені анықталды. Олар кәсіпкерлерді наурыз айынан бері бопсалап келген. Күдіктілер ұсталып, басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр, - деп хабарлады ПД. 

Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 194-бабының 2-бөлігі («Күш қолданып адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен бiрнеше рет жасалған қорқытып алушылық») бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. 

Қылмыстық кодекстің осы бөлігіне сәйкес, кінәлі тұлға мүлкі тәркіленіп, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Айнұр САПАРОВА

7 желтоқсан 2023, 11:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.