Атырау қалалық кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімі басшысының лауазымына КӘРИЕВ Мәлік Сағидоллаұлы тағайындалды, деп хабарлайды Атырау қаласының әкімдігі.
Жаңа басшыны ұжымға қала әкімі Шәкір Кейкин таныстырып, абыройлы қызмет тіледі.
Мәлік Кәриев 1979 жылы Атырау қаласында дүниеге келген. Ол 2001 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін аяқтап, «Заңгер» мамандығын тәмәмдаған.
Еңбек жолын 2001 жылы құқық қорғау органдарында бастап, 2007-2021 жылдар аралығында мемлекеттік қызметте жалғастырған.
Тағайындалғанға дейін «AMANAT» партиясы Атырау облыстық филиалының Саяси жұмыс бөлімінің меңгерушісі лауазымында еңбек еткен.