Атырау қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы тағайындалды, деп хабарлайды Атырау қалалық әкімдігі.
АҚҚҰСОВ Еркебұлан Сайлаубайұлын ұжымға қала әкімі Шәкір КЕЙКИН таныстырып, қызметіне сәттілік тіледі.
Аққұсов Еркебұлан 1982 жылы Атырау облысында дүниеге келген. Ол 2005 жылы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясында «Кеден ісі» мамандығын, 2012 жылы Атырау инженерлік-гуманитарлық институтында «Құрылыс» мамандығын тәмәмдаған.
Еңбек жолын 2005 жылы коммерциялық ұйымдарда бастаған. 2008 жылдан бері мемлекеттік қызметте. Тағайындалғанға дейін Атырау қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы лауазымында қызмет еткен.