Атырау, 21 наурыз 10:40
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 482.33
€ 557.57
₽ 5.74

Өз өзіне қол жұмсамақ болған ер адам құтқарылды

706 рет қаралды
Бейнежазбадан алынған скриншот

2 желтоқсан күні сағат 22:23 шамасында 102 арнасына қала тұрғыны өз өзіне қол жұмсамақ болған ер адам жөнінде хабарлады, деп мәлімдейді полиция департаменті.

Оқиға орнына учаскелік полиция инспекторлары М. Нұғманов және Р.Ерсайын дереу жетіп, өз-өзіне қол жұмсамақ болған 2002 ж.т. қала тұрғынын құтқарды.

Ер адамды №1 қалалық полиция бөліміне жеткізіп, профилактикалық сұхбат жүргізілді. Аталған азаматтың жүйке аурулары есебінде тұрғаны анықталды. Процессуалдық шешім қабылдау үшін жедел-тергеу тобына тапсырылды.

Дайындаған Жомарт ӘМІРХАНОВ

6 желтоқсан 2023, 12:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.