Атырау, 25 желтоқсан 02:25
 бұлттыВ Атырау -11
$ 511.00
€ 602.72
₽ 6.49

БҚО-да ауа райының қолайсыздығына байланысты Атырау-Орал трассасының бір бөлігі жабылды

681 рет қаралды

5 желтоқсан күні сағат 20.20-да Батыс Қазақстан облысында ауа райының нашарлауына байланысты Атырау-Орал тас жолының Индерге бұрылысынан Батыс Қазақстан шекарасына дейінгі учаскесі (179-189 км) жабылды. Шектеу көліктің барлық түріне енгізілді.

Сондай-ақ Атырау-Орал тас жолының Атырау облысының шекарасынан Чапаево ауылына дейінгі учаскесі (189-372 км) және Самара-Шымкент тас жолының Жымпиты ауылынан Батыс Қазақстан облысынан Ақтөбе облысының Қобда ауылына дейінгі бөлігі (393-613 км) қар жауып, жел соғып, көктайғақ болуына байланысты жабылды.

Дайындаған Жомарт ӘМІРХАНОВ

6 желтоқсан 2023, 00:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.