Бүгін әлемнің түрлі елдеріндегі мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын және алған білімдерін тәжірибеде қолдана білуі бойынша бағалайтын PISA-2022 тестінің нәтижелері жарияланды. Соңғы зерттеу 2018 жылы жасалған.
Қазақстан 2018 жылғы алдыңғы зерттеумен салыстырғанда рейтингтегі позициясын біршама жақсартты:
Математика – 425 ұпай (+2);
Оқу – 386 ұпай (-1);
Ғылым – 423 ұпай (+26).
Бірақ ұзақ мерзімді 10 жылдық тренд әлі де оң емес. Үздік үштікке Сингапур, Жапония және Корея кіреді.
Өңірлік PISA 2022 нәтижелері келесідей:
ең жетістігі мықты үш аймақ – Алматы (453 балл), Астана (449 балл), Солтүстік Қазақстан облысы (441 балл);
3 аутсайдер өңір – Түркістан облысы (389 балл), Атырау облысы (405 балл), Шымкент (407 балл).
Жомарт ӘМІРХАНОВ