Индербор кенті орталығында қос алақанмен жүректің пішінін бейнелеген керемет композиция пайда болды. Бүгінде махаббатың символындай болған осы нысан көптің жүрегінен орын алып, суретке түсірушілер көбейді.
Композицияның биіктігі 2 метр 30 см. Бір ғажабы, түнгі уақытта түрлі түспен жарқылдап еріксіз назар аудартады. Бұл жергілікті шебер Азамат КЕНЖЕҒАЛИЕВТІҢ туындысы.
"Осы туындыны жасарда оны кентте орналастыруды ұсындым. Аудан әкімі қарсы болған жоқ, - дейді шебер. - Бұл жұмысты үш ай жасадым. Ауылға және осында тұратын ауыл халқына деген махаббатымды жеткізгім келді".
Азамат бұдан бұрын да кенттегі "Жеңіс саябағында" мәңгілік алау бейнесін жасап шығарған болатын.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА
Сурет ФБ парақшасынан алынды