Атырау, 21 наурыз 10:37
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 482.33
€ 557.57
₽ 5.74

Жалған ұстаздар жалақыларын қайтарып жатыр

592 рет қаралды

Мақат ауданында жалған дипломмен жүрген сегіз адам оқу орындарында жұмыс істеген кезде алған 4 миллион теңге жалақыларын мемлекетке қайтарды.

Есе салсақ, прокуратура Мақат кентіндегі оқу орындарында жалған дипломмен жұмыс істеп келген он бір қызметкерді анықтаған болатын. Олардың үстінен қылмыстық іс қозғалды.

- Олардың сегізі 4 млн теңгеге жуық ақшаны мемлекетке кері қайтарды.Екі тәрбиеші жақын арада 4 млн теңгені кері қайтаруы тиіс. Бір адамның ісі тексерілуде, - дейді Мақат ауданы прокурорының орынбасары Ерлан КАКИЕВ.

Прокурорлар "Дипломмен - ауылға" бағдарламасы аясында 5 млн теңгеге жуық несие алған 2 маманның жұмыстан шығып кеткенін анықтады. Аталған қаражатты мемлекет пайдасына кері өндіру жұмыстары жүруде.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

6 желтоқсан 2023, 11:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.