Атырау, 4 мамыр 03:02
 ашықВ Атырау +11
$ 444.14
€ 477.05
₽ 4.85

Спорт жаңалықтары

541 просмотра
freepik.com 

1-4 желтоқсан күндері Орал қаласында каратэ-додан (WKF) ересектер арасында ҚР чемпионаты өтті.

Турнирге еліміздің 15 облысынан екі жүзден астам каратеші қатысты. Атырау облысының құрамасы 2 алтын, 2 күміс медальді еншіледі. Олар Батырғали Әбілмансұр (75 келіге дейін), Ұлмекен Жалғас (68 келіден жоғары), Кенжебай Нұрбек (60 келіге дейін) және Нұрберген Дамир (75 келіге дейін). Жалпы командалық есепте мұнайлы астана командасы 4-орынға ие болды.

***

Жүзуден «Ақтөбелік старттар» республикалық турнирінде №6 БмЖСМ (Нұрсая ықшамауданы) шәкірттерінен құралған команда жақсы өнер көрсетті.

Турнирге Қазақстанның 27 қаласынан 2011-13 жылы туған алты жүзден астам жас жүзушілер қатысты. Атыраулықтар қоржындарын алқаға толтырды. Жанбосын Жансейіт – 200 м кешенді жүзу және 50, 100 м еркін жүзу, Аян Сали – 100 м баттерфляй, Иван Чесноков – 50 м және 100 м арқамен жүзу, Шолпан Мұрзағалиева – 50 м арқамен жүзу және 100 м еркін жүзу, Әкежан Баямиров - 50 және 100 м еркін жүзу бойынша алтын алқа алды. Атыраулық Ж.Жансейіт турнирдің үздік спортшысы болып танылды.

***

Ақтауда муай-тайдан «Батыс Кубогы-3» республикалық турнирі өз жұмысын аяқтады.

Оған Атырау, Ақтау, Ақтөбе, Орал, Түркістан, Қостанай, Қызылорда командаларынан барлығы 160 спортшы қатысты.1 орынды Атырау командасы, 2-орынды жарысты өткізіп жатқан команда, үшінші орынды Батыс Қазақстан құрамасы иеленді.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

4 желтоқсан 2023, 22:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.