Атырау, 26 қараша 09:34
 ашықВ Атырау +4
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Күрделі жөндеуден өткен перзентхана босанушы әйелдерге ұнамады

724 просмотра

Жылдан астам уақыт бойына қала сыртындағы ковидқа шалдыққан науқастарға арнап салынған модульдік бөлімшені пайдаланып келген облыстық перинаталдық орталық күрделі жөндеуден өткен жаңа ғимаратқа қайта жайғасты. «АЖ» тілшісі жөндеуден өткен ғимаратта не өзгергені туралы анықтап білген еді.

Облыстық перзентхана Instagram парақшасында сүйіншілеп жария еткен жаңалықтың астындағы пікірлерге сүйенсек, жаңа өзгерістер босанушы аналарға ұнамағанға ұқсайды.

- Дым өзгермеген. Іші сап-салқын, жылу қосылғанымен терезеден жел гулеп тұр. Дәретхана баяғыша әр қабатта 1-еу ғана. Оған ғимараттың келесі шетінен келесің, - деп жазған ішінде жатқан әйелдердің бірі.  

- Дәретханасын қандай логикамен жасады екен? Бір бөлмеге екі унитаз қатар қойған. Есіктің ішіне кілт қондырмау себебі қауіпсіздік үшін шығар, бірақ екі унитаздың арасын бөліп қоюға болады ғой, - дейді келесі қолданушы.

- Дым өзгермеген, шкафтары сол баяғы сынық, терезесінде перде де жоқ деп жатыр. Босанған анаға терезе ашық тұруға болмайды, соны реттеп қойсаңыздар екен. Жақында, бұйырса, босануға барамын. Ал дәрігерлер мен медбике, санитарлардың ақшасы өсе берсін, олардың еңбектері зор, - деп жазған тағы бірі.

Жүзге жуық пікір қалдырғандардың барлығы облыстық перинаталдық орталықтың дәрігерлері мен қызметкерлердің еңбегіне ғана жақсы пікір жазған.

Жөндеу кезінде не жасалған

Орталықтың баспасөз қызметі мәліметінше, бүгінде күрделі жөндеу аяқталуына байланысты барлық бөлімшелер толықтай Владимирский көшесінде орналасқан ғимаратқа көшірілген. Қазіргі кезде Сарыөзектегі модульдік ғимарат «Атырау облыстық №2 ауруханасына» кері қайтарылып жатыр.

- Кейбір  олқылықтар, атап айтқанда, терезе жапқыштарын сатып алу «Мемлекеттік сатып алу» заңына сәйкес реттелуде, ал дәретханадағы  су және ішкі жылу мәселесі толығымен қалпына келтірілді. Күрделі жөндеу кезінде 1991 жылдан бері жөндеу көрмеген ғимаратың барлық бөлмелерінің есік, терезе, еден, қабырғалары жаңартылды.

...Баспалдақтары мен жақтаулары, жылу батареялары, электр желісі, су құбырлары, кәріз жүйесі, өрт дабылы, желдеткіші жүйесі, электр шамдары, есептегіштер, ажыратқыштары жаңартылды.

Ота жасау блогы жаңа заманауи талапқа сай толығымен жаңартылып, жаңа қондырғылар орнатылды. Сонымен қатар бейнебақылау камералары, байланыс торабы, медициналық дәрілік емдік газ жүйесі жаңарды.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

Суретті түсірген автор

5 желтоқсан 2023, 15:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.