Атырау, 26 қараша 09:21
 ашықВ Атырау +4
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Өңірде жыл соңына дейін үш спорт кешенінің құрылысы аяқталады

806 просмотра

«Атырау облысы әлеуметтік-экономикалық дамытудың кешенді жоспары», «Аумақтық даму бағдарламасы», «Ауыл - ел бесігі» бағдарламалары аясында,  2023-2027 жылдары облыс көлемінде 26 спорт кешенінің құрылысы жоспарланған. Бұл туралы Атырау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Дастанбек Қоспанов мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

- Биыл облыс бойынша 4 спорт кешенін салу жоспарланды. Олар Исатай ауданында, Атырау қаласы Дамба, Химпоселок, Бірлік ауылдарында деп бекітілді. Исатай ауданы, Тұщықұдық ауылындағы спорт кешені пайдалануға берілді. Қалған 3 спорт кешенін жыл соңына дейін тапсыруды жоспарлап отырмыз, - деді Д. Қоспанов.

Сондай-ақ оның айтуынша, 2024 жылы 11 спорт кешенін салу жоспарда тұр. Атап айтсақ, Атырау қаласының Ақсай, Жаңаталап ауылдары, Индер ауданының Көктоғай ауылы, Қызылқоға ауданының Қарабау, Тасшағыл, Қоныстану, Жасқайрат ауылдары, Исатай ауданының Хамит Ерғалиев ауылы, Махамбет ауданының Таңдай ауылы, Құрманғазы ауданының Сүйіндік, Нұржау ауылдарында бой көтермек. Ал, 2025-2027 жылдар аралығанда тағы да 11 спорттық кешен салу жоспарланған.

Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі ұсынған материал


4 желтоқсан 2023, 16:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.