Атырау, 26 қараша 09:42
 ашықВ Атырау +4
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

31 желтоқсанда шетелдік автокөліктерді заңдастыру ісі аяқталады

Бейнежазба
652 просмотра

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін елімізге жеткізілген шетелдік автокөліктерді заңдастыруға өтініш қабылдау биылғы 23 қаңтар мен 30 маусым аралығында жалғасты.

Алайда 2022 жылдың 1 қыркүйегінен кейін жеткізілген көліктер заңдастыруға жатпайды. Атырау облысында барлығы 15 мыңнан астам шетелдік автокөлік заңдастырылды. Заңдастырудың бір реттік шара екенін ескере отырып, 1 шілдеге дейін берілген көлікті заңдастыру туралы өтініштер 31 желтоқсанға дейін ғана қаралатынын хабарлаймыз. Нормативтік құқықтық актілерге тиісті өзгерістер енгізілді.

Сонымен бірге, шетелдік көліктерді заңдастыруға 25 күндей уақыт қалғанын ескере отырып, полиция қызметкерлері көлік иелерін заңдастыру рәсімін аяқтап, көліктерін тіркеуге қоюға кеңес береді. 


4 желтоқсан 2023, 16:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.