Атырау облысында Индер ауданы Көктоғай селосы мен Махамбет ауданы Аққайың ауылында марафон өтті: шабандоздар екі ауыл арасындағы арақашықтық 90 шақырымды бағындырды.
Марафонға облыстан іріктеліп алынған 42-ге тарта таңдаулы жүйріктер қатысты.
Алғашқылардың бірі болып Қызылқоға ауданы Мұқыр ауылынан ТАЙЖАНОВТАР обасысының "Нұртөбелі" келді. Ал осы аудандағы Миялы ауылынан қатысқан Қайырбек БАЙМҰРАТОВТЫҢ "Айтұмары" екінші, Тайсойған ауылындағы Есенғабыл ҚОСАЕВТЫҢ "Күнқасқасы" үшінші орынды иеленді.
"Ұлы дала жорығы" деп аталған марафон Атырау облысы әкімдігінің және "Бәйге" облыстық федерациясының қолдауымен ұйымдастырылды.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА
Суреттерді Қызылқоға ауданы әкімдігі ұсынды