24 қараша мен 4 желтоқсан аралығында Арменияның астанасы Ереванда ұлдар мен қыздар арасында өткен бокстан әлем чемпионатында атыраулық боксшы Гауhар ЗАРДЕН қола жүлдені иеленді. Гауһар қыздар арасында 50 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жекпе-жекке шыққан болатын.
Ол бірінші кездесуінде эстониялық қарсыласын, екінші кездесуінде мексикалық қарсыласын жеңіп, жартылай финалда ресейлік спортшыға есе жіберді.
16 жастағы Гауһар қаладағы мамандандырылған бокс клубында жаттығады. Ол мұнда 10 жасында келген.
Бапкері Әлібек КӨШЕНОВ тәлімгерінің еңбекқор, тәртібі жақсы екенін ерекше атап өтті. Оның сөзінше, Гауһардың мақсаты - олимпиада чемпионы болу. Сол мақсатына жету жолында еңбектеніп жүр.
2022 жылы Гауһар Иорданияда өткен Азия чемпионатында да үшінші орын алып, қола медаль иеленді.
Айнұр САПАРОВА
Спорт басқармасы ұсынған суреттер