Атырауда имамдар жылды қорытындылады. Жыл қорытындысымен Атырау облысының Бас имамы Алтынбек ҰТЫСХАНҰЛЫ бір топ дін қызметкерін нәтижелі еңбегі үшін марапаттады.
ҚМДБ бекіткен бес жұмыс бағыты бойынша және ҚМДБ төрағасы бас мүфти Наурызбай қажы ТАҒАНҰЛЫНЫҢ бағдарлық баяндамасында аталған жұмыс жоспары негізінде облыс көлемінде нәтижелі жұмыс жасағаны үшін «Бақтыгерей молла» мешітінің имамы Асылбек ТЛЕПБЕРГЕНҰЛЫ «Үздік имам-2023» марапатына ие болды.
«Дін мен дәстүр бағыты» бойынша үздік Мақат ауданының бас имамы Біләл СҮННЕТҚОЖАҰЛЫ,«Ізгі қоғам» бағыты Атырау қаласының бас имамы Эммат СҰЛТАНҒАЛИҰЛЫ, «Ихсан және насихат» бағыты бойынша Құрманғазы ауданының бас имамы Еламан ЖАСӨМІРҰЛЫ, «Діни оқу-ағарту» бағыты бойынша Жылыой ауданының бас имамы Жасұлан ҚУАНЫШҰЛЫ, «Жат діни ағымнан сақтандыру» бағыты бойынша Қызылқоға ауданының бас имамы Мұрат АЛДОҢҒАРҰЛЫ марапатталды.
Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ