Атырау, 27 желтоқсан 14:37
 ашықВ Атырау -2
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

Алимент төлемеген борышкер 3 тәулікке қамауға алынды

861 просмотра

Атырау облысының Махамбет аудандық сотында ӘҚБтК-нің 669-бабының 1-бөлігімен («Сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамау») азамат Б.А.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды, деп хабарлайды соттың баспасөз қызметі.

Аталған соттың 2022 жылғы 18 наурыздағы сот бұйрығына сәйкес, борышкер Б.А.-дан кәмелетке толмаған үш баласын асырап-бағу үшін айлық табысының және өзге де кірісінің тең жартысы мөлшерінде алимент өндірілген. Алайда, Б.А. сот бұйрығын орындамай, алимент төлемеген, осының нәтижесінде оның алимент бойынша берешегі 2 075 862 теңгені құраған.

Сот отырысы барысында Б.А. кінәсін мойындады. Сот қаулысымен Б.А. ӘҚБтК-нің 669-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, 3 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.

Сот қаулысы заңды күшіне енді.

2 желтоқсан 2023, 18:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.