Атырау, 26 қараша 09:18
 ашықВ Атырау +4
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Кімнің қырғауылы?

Бейнежазба
987 просмотра

Ерекше құс қала маңындағы Химик ауылының тұрғындарын таң қалдырды: күйі әжептәуір қырғауыл бірнеше күннен бері бағбандардың бақшасын аралап жүр.

Атырауда күздің әдеттен тыс жылы болуына байланысты бағбандар атыздарынан құлпынай теріп жатыр. Бұған қорық құстары да дәндеп алған. Грушевая және Садовая көшелерінің тұрғындары аулаларында маңғазданып жүрген аталық қырғауылды түсіріп алған видеомен бөлісті. Оны ұстауға тырысса, қанатын қомданып, дуалдан ырғып ұшып кетеді екен.

Бір қызығы, ауылдың бүкіл тұрғыны жиналған чатта құстың иесі табылмады. Сондықтан әлемдегі ең әдемі құстардың бірі ретінде танылған құстың қайдан келгені белгісіз.

Қырғауылға тән қасиет - оның түрлі-түсті қауырсыны мен ұзын құйрығы. Оның ұша білуі қауіптен құтылуына көмектеседі. Ит қосқан аңшы, жыртқыштар немесе ашу шақырған бағбандар болсын, мейлі, өзіне қолайлы сәтте қанаттарын сермеп, жоғары көтеріледі. Көбінесе ол ұзаққа әрі биікке ұшпайды. Бірақ қауіпсіз жерге жетуі үшін осы да жеткілікті. Ағаштар қырғауылдың демалатын сүйікті орны.

Анастасия ШЕРСТЯНКИНА

Грушевая көшесінің тұрғыны Юлия жолдаған бейнежазба

2 желтоқсан 2023, 16:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.