«Туған жерге тағзым жобасы аясында» аудан әкімі Қайрат НҰРЛЫБАЕВТЫҢ бастамасымен кұрылған қоғамдық қор арқылы 10 жас кәсіпкерге жаңа бизнес идеяларды іске асыру үшін қайтарымсыз 600 мың теңге гранттың сертификаты табысталды.
Кәсіпкерлерді қолдауға қордан 6 млн теңге каржы бөлінді. «Ауыл болашағы» грантына ауданның жас кәсіпкерлерінен 18 өтінім қабылданып, өтінімдерді қарау жөніндегі комиссия мүшелерінің шешімімен 10 кәсіпкердің жобасы жеңімпаз деп танылды. Сөйлеу тілінде кемшілігі бар балаларды оқытуға және дамытуға, цифрлық қызмет көрсетуді дамытуға, кондитерлік қызметтер саласында және эпоксидті шайырдан түрлі бұйымдар жасауға бағытталған жобаларға гранттар берілді.
Өз сөзінде Қайрат Есқабылұлы ауданның жас кәсіпкерлерін қолдау алдағы уақытта да жүзеге асатынын жеткізіп, жоба жеңімпаздарына сәттілік тіледі.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА