Атырау, 26 қараша 09:37
 ашықВ Атырау +4
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Атырауда «Алтын түлек» математикалық олимпиадасының өңірлік кезеңі өтуде

1 031 просмотра

«Таланттарды анықтау және қолдау» орталығы мен «Зерделі» ақыл-ой дамыту мектебінің ұйымдастырумен облыстың 10-11 сынып оқушылары арасында «Алтын түлек» математикалық олимпиадасының өңірлік кезеңі өтіп жатыр.

Білім сайысы мектеп оқушылары арасынан математика пәні бойынша ерекше қабілеті бар балаларды анықтау және жоғары сынып оқушыларын ғылымға баулу мақсатында ұйымдастырылып отыр. 

Облыстық білім беру басқармасы «Таланттарды анықтау және қолдау» орталығының бөлім басшысы Лаура Насиева бұл іс-шара жас буынның білімге деген қызығушылықтарын оятып, қабілетін шыңдауға үлес қосатынын айтып өтті.

- Бұл олимпиада тек қазақ тілінде өткізіледі. Мұнда қатысушыларға интернет желісінен алынбаған және басқа ақпарат көздерінде жарияланбаған тапсырмалар берілді. Оқушылар ұлттық құндылықтарды негізге ала отырып, сапалы құрастырылған тапсырмаларды орындайды. Сайысқа Атырау қаласы мен 7 ауданнан 455 оқушы қатысуда. Жалпы бұл іс-шара арқылы жастардың педагогикалық, инженерлік-техникалық мамандықтарға қызығушылықтарын ояту көзделді, - деді Л.Насиева. 

Өңірлік кезең тест жұмысы және бос орындарды толтыру, яғни, 10 есептің жауаптарын толтыру тапсырмаларынан тұрады. Облыстық кезеңнен өткен оқушылар республикалық олимпиадаға жолдама алады.

Айта кетейік, олимпиада қорытындысы бойынша тапсырмаларды талдау барысы туралы мәлімет «Зерделі» ақыл-ой дамыту мектебінің zerdeli.kz ютуб каналы мен @rsbek.Mauit инстаграм парақшасы және «Алтын сақа» ресми телеграм каналында алдағы апта ішінде жарияланады.

Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі ұсынған материал


1 желтоқсан 2023, 18:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.