Атыраулық полицейлер 600-ге жуық доза синтектикалық есірткіні сатпақ болған күдіктіні ұстады.
Атырау облысы аумағында «Құқықтық тәртіп» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы мен Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері синтетикалық есірткі затын аса ірі көлемде сатумен айналысқан 1999 ж.т. күдіктіні анықтап, ұстады.
Одан тәркіленген есірткі салмағы 175,74 грамм, 600-ге жуық доза болатын мефедрон екендігі анықталды. Күдікті Батыс Қазақстан облысының тұрғынының айтуынша одан тәркіленген есірткінің құны 4 млн теңгеге жуықтайды.
Оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталып, қамауға алынды. Өзге ақпарат ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды. ҚР Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасы, ҚПК-нің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес адамның кінәлі екендігі заңды күшіне енген сот үкімімен танылғанша ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп есептеледі.
Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА