Бұл туралы аудан әкімінің орынбасары Нұрболат САРМАНОВ аудандық экономика және қаржы бөлімі, мемлекеттік кірістер басқармасы, округ әкімдері мен есепшілердің қатысуымен өткен жиында атап өтті.
Бұл жиынның басты тақырыбы - салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу арқылы бюджет кірісін толықтыру. Ауданда 2 мыңға жуық азамат 23 млн теңгеден астам мүлік және көлік салығын төлемей жүрген көрінеді.
Жиында осы бағытта жасалып жатқан жұмыстар пысықталды. Сонымен бірге әкім орынбасары аудандық ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімі басшысына және қала, кент, ауылдық округ әкімдеріне әлеуметтік маңызы бар 19 тауардың бағасын сауда үстемесінен 15 пайыздан асырмауды бақылауға алуды және кәсіпкерлік обьектілерін түгендеуді тапсырды.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА
Әкімдік жолдаған суреттер