Атырау, 26 қараша 09:33
 ашықВ Атырау +4
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

30 жастағы ауыл тұрғыны бекіре балығын саудалады деген күдікке ілінді

1 069 просмотра

Махамбетте полицейлер 60 келіге жуық бекіре балығын саудаламақ болған күдіктіні ұстады.

Махамбет ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері «Құқықтық тәртіп» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде аудан көлемінде Lada Kalina автокөлігімен бекіре тұқымдас балықтарын саудаламақ болған күдіктіні анықтап, ұстады.

1993 ж.т. күдіктінің көлігінен 15 дана 56,6 келіні құрайтын бекіре балығы тәркіленді. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Өзге ақпарат ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды. ҚР Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасы, ҚПК-нің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес адамның кінәлі екендігі заңды күшіне енген сот үкімімен танылғанша ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп есептеледі.

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА 

1 желтоқсан 2023, 11:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.