Қызылқоға ауданында орналасқан Жасқайрат ауылында, ветеринарлардың айтуынша, ауру ошағы өте көп.
Аудан бойынша 9 айда 31382 ірі қара, 119228 қой-ешкі, 936 түйе тексерістен өткен. Бұл аудандағы малдың 85 пайызы тексерілгендігін білдіреді. Тексеру қорытындысына сәйкес 265 ауладағы 135 ірі қара, 701 қой-ешкіден бруцеллез ауруы табылып отыр.
Ветеринар мамандардың мәлімдеуінше, ауру малдар «Миялы СДО» ЖШС, Батыс Қазақстан облысындағы «Жеңіс» жеке кәсіпкерлігінің мал сою пунктіне тапсырылып жатыр. Малға төлемақы облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы арқылы төленеді.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА