Атырау, 26 қараша 09:34
 ашықВ Атырау +4
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

86 млн теңгелік жөндеу жұмыстары

724 просмотра

«АЖ» редакциясына Привокзальный ықшамауданындағы №15 үйдің тұрғындары күрделі жөндеу жұмыстарының созылып кеткеніне байланысты шағымданды.

Белгілі болғандай, аталмыш мекенжай бойынша жұмыс 2022 жылдың 1 шілдесінде басталып, оны «Жиенбет Құрылыс Монтаж» компаниясы жүргізген, тапсырыс беруші -«Қаладағы тұрғын үйлерге коммуналдық қызмет көрсету» ЖШС.

«6-подъезде сымдар жалбырап тұр, қабырғалары мен төбесінің сылағы түсіп қалған. Кафельдер жартылай төселген. Біз мұндай жерде тұрудан шаршадық, оның үстіне құлап, жарақат алуың мүмкін. Тұрғындардың бірі баспалдақпен көтеріліп бара жатып, бір жерін сындырып алса, оған жауаптылар табылатынына күмәндіміз, - дейді тұрғындар наразы болып. – Үйімізді жаңғыртуға 86 миллион 397 мың теңге бөлінгенін білеміз. Алайда, бұл қаражатқа жұмыс жүргізілгені өте күмәнді. Одан бөлек, жертөле құрғатылмаған. Кәріз жүйесі жаңғырту басталғанға дейінгі күйде тұр. Пластик терезелер москит торсыз орнатылған, әрі толық ашылмайды. Қыста подъезд салқын әрі дымқыл, ал жазда қапырық, масаға толы болады».

«AЖ» түсініктеме алу үшін қалалық әкімдікке хабарласты, олар бізге былай жауап берді:

«Бұл үйде «Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Олар жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес жүргізіліп, жұмыс комиссиясы қабылдады.

Келісімшарт бойынша мердігер «Жиенбет Құрылыс Монтаж» ЖШС-нің нысан пайдалануға берілген күннен бастап 2 жыл бойы орындалған жұмыстарға кепілдік міндеттемелері бар.

Бүгінде мердігер ақауларды жою жұмыстарын жүргізіп жатыр».

Жомарт ӘМІРХАНОВ

30 қараша 2023, 15:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.