Атырау, 27 қыркүйек 16:20
 ашықВ Атырау +14
$ 478.54
€ 533.76
₽ 5.17

Студенттер арасында волейболдан өткен турнирдің жеңімпаздары анықталды

671 просмотра
Бейнежазбадан алынған скриншот

«ASU Cup» турнирін қорытындылай келе, жүлделі I орынды Атырау жоғары медициналық колледжі иеленді. Ал, Индер көпбейінді ауыл шаруашылық колледжі II орынмен, Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжі III орынмен марапатталды.

Бейнежазбадан алынған скриншот

Сондай-ақ «Үздік ойыншы» номинациясы Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінің ойыншысы Гүлжанат Жеңісқызына, «Үздік тосқауыл қоюшы» номинациясы Индер көпбейінді ауыл шаруашылық колледжінің студенті Нұрасбек Сәлімгерейге табысталды. Сонымен қатар «Д.Нұрпейісова атындағы халықтық музыка академиясы» Атырау музыка колледжінің қатысушысы Қасиет Канибаев «Үздік шабуылшы», Атырау жоғары медицина колледжі командасының мүшесі Өркен Серікұлы «Үздік байланыстырушы» номинациясын иеленді.

Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі ұсынған материал

30 қараша 2023, 14:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.