Нұрсұлтан Жұмағазиев Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті жедел-құтқару жасағының бас құтқарушысы болып жұмыс істейді.
2021 жылы 7 желтоқсанда таңертең ертемен хабарлама келіп түсті: жүкті әйел жаяу жүргіншілер көпірінен өзенге секіріп кеткен. Жедел-құтқару жасағының бас құтқарушысы Нұрсұлтан Жұмағазиев оқиға орнына дереу су полициясының катерімен жетеді. Сол кезде ес-түссіз әйелді судан шығарып алып, жүрегіне массаж жасап, жасанды тыныс алдырды.
Әйел аман қалды. Іздестіру-құтқару операциясы 30 минуттан астам уақытқа созылды. Нұрсұлтан Жұмағазиев құтқару жұмыстарын ұйымдастыруда өзін сауатты маман ретінде көрсете білді.