Атырауда ҚР Еңбек сіңірген әртісі Төлеген Қуанышевті еске алуға арналған қазақ күресінен республикалық турнир өтті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
2007-2008 ж.т. жасөспірімдер арасында өткен додаға Маңғыстау, Батыс Қазақстан және Атырау облысынан 13 команда 105 спортшы бақ сынады.
Турнирдің ашылу салтанатында Атырау қаласы әкімінің орынбасары Нұржан ЕРМҰХАНОВ спортшыларға сәттілік тіледі.
- Баршаңызды қазақ күресінен өтіп жатқан Қазақстан Республикасы чемпионатының ашылу салтанатымен құттықтаймын! Қазақ күресі ежелден келе жатқан ұлттық спорт түрі. Бүгінгі облыста өтіп жатқан чемпионаттан мықтылар анықталып, ертеңгі қазақ күресінің дамуына өз үлесін қосатынына сенімдімін. Спортшыларға сәттілік! Ең үздік балуан жеңіске жетеді деген ойдамын,- деді Н.Ермұханов.
Жарыс қорытындысымен 46 келі салмақта Аян Өтеуғали (Қызылқоға), 50 келіде Али Қоныпай (№4 БЖСМ), 55 келіде Саят Маратұлы (Жылыой), 60 келіде Асылбек Иманғали (Тельман спорт клубы), 65 келіде Айдын Айып (№4 БЖСМ), 70 келіде Алдияр Сәтберген (№4 БЖСМ), 76 келіде Азат Фейзи (Жұмыскер спорт клубы), 82 келіде Алишер Кожик (Жұмыскер спорт клубы), 82 келіден жоғары Әбілмансұр Аманжолұлы (Қызылқоға ауданы) 1-орынмен жүлдегер атанды.
Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі ұсынған материал