Атырау, 26 қараша 09:25
 ашықВ Атырау +4
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Жастар ЖИТС-ке қарсы

667 просмотра

С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінде студенттерге арналған дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне орай іс-шара өтті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Аталған акция Атырау облыстық АИТВ орталығы, үкіметтік емес ұйым өкілдерінің және С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті мен Каспий өңірінің қазіргі заманғы жоғары колледжі студенттерінің қатысуымен өткізілді. Іс-шараға Атырау облыстық АИТВ орталығының директоры Қуаныш Нұрмұханов, «Үміт- Норе-Надежда» қоғамдық қорының төрайымы Қалима Сағындықова, С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің проекторы Еламан Абежанов қатысты.

Акцияның мақсаты – қоғам назарын АИТВ және ЖИТС мәселесіне аудару, халықты, әсіресе жастарды АИТВ инфекциясы туралы ақпараттандыру. Сондай-ақ, АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға толерантты көзқарас қалыптастыру мен салауатты өмір салтын насихаттау. 

- Бүкіл әлемдік денсаулық сақтау ұйымының шешіммен Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне арналған, «Көшбасшылық - қауымдастықтарға»   атты акциямыз өтуде. АИТВ инфекциясының таралуы адамдардың мінез-құлқына тікелей байланысты. Қауіпсіз мінез-құлықты таңдау арқылы ғана АИТВ-мен тиімді күресуге болады. Әр адам жеке қорғаныс құралдарын пайдалану керек және «есірткіге жол жоқ» деген түсінікте болу қажет. Болашақта біз АИТВ инфекциясын жұқтырған адамдармен кездесуіміз мүмкін. Ол туған бауырларың, дос - жарандарың да болуы ғажап емес. Біз сол кезде оларды шеттетпей, қолдауға тиіспіз. Жас ұрпақтың денсаулығы - мемлекет пен қоғамның өмір сүру сапасының, саяси тұрақтылық пен экономикалық дамудың маңызды көрсеткіші. Денсаулық Конституциямен кепілдендірілген. Стигма мен кемсітушілік, бұл - АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың өміріне қауіп төндіру, адам құқығына қол сұғу. Естерінізде болсын, сіздің денсаулығыңыз - өз қолыңызда, - деді Қ.Нұрмұханов.

Іс-шара соңы студенттердің дайындаған концерттік бағдарламаға ұласты. 

Айта кетейік, биыл 9 айда өңірде 43 адамнан АИТВ вирусы анықталып отыр. Індет жұқтырғандардың 54% 20 мен 39 жас аралығындағы жастар. Жалпы Атырау облысында адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтырған алғашқы адам 1993 жылы анықталған болатын. Содан бері 526 жағдай тіркелген. Қазір облыстық АИТВ орталығында 359 адам диспансерлік есепте тұр. АИТВ инфекциясы – әлеуметтік аурулар қатарына жатады. Онымен күресу қоғамның барлық мүшелерінің бірлесіп атсалысуын талап етеді.

Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі ұсынған материал

29 қараша 2023, 18:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.