Атырау, 27 қыркүйек 16:14
 ашықВ Атырау +14
$ 478.54
€ 533.76
₽ 5.17

Қызылқоғада мәдениет саласы мен ветеринария мамандарына жаңа автокөліктің кілті табысталды

721 просмотра

Аудан әкімі Қанат Әзмұханов ветеринарияға келген 6 автокөлік пен мәдениет саласына бөлінген 2 жаңа автокөліктердің кілтін салтанатты жағдайда табыс етті. Бұл туралы аудан әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды. 

- Облыс бойынша ауылшаруашылығын, соның ішінде мал шаруашылығын дамытуда ауданымыз алдыңғы қатарда. Аталған саланы дамыту мемлекет басшысының тікелей тапсырмасы негізінде жүргізіліп келеді және Қазақстан халқына жолдауында да осы мәселе баса айтылған болатын. Жедел қызмет көрсетіп, ауылшаруашылық саласын дамыту, қауіпсіз өнім алуымыз үшін ветеринария саласы қызметінің маңызы зор. Сала мамандарына арналған қызметтік автокөліктер 2013 жылдан бері жаңартылмады. Машиналардың 30 пайызға жуығы жарамсыз. Десе де, мамандар қалтқысыз қызмет етіп келді. Сонымен қатар мәдениет саласының дамуы да ауданда көз қуантарлық. Осыған сәйкес, ауданның дамуына даңғыл жол салатын қос салаға келген жаңа көліктерді сапалы қызмет көрсетіп, еңбектің нәтижесін көрсетеді деген сеніммен табыс еткелі тұрмын,- деді Қ.Әзмұханов.


Сондай-ақ салтанатты шараға қатысқан Мұқыр ауылдық округі ардагерлер кеңесінің төрағасы Ақниет Сахиев аудан тұрғындарын құттықтап, лебізін білдірді. 

Great Wall автокөліктерінің кілті Қызылқоға, Жамбыл, Жангелдин, Тасшағыл, Мұқыр, Көздіғара ауылдық округтерінің ветеринариялық пункт меңгерушілеріне және аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөліміне келген 2 автокөліктің кілті «Арман» мәдениет үйінің басшылығына табысталды.  

Бүгінде ауданда 1 ветеринариялық станция мен 10 ветпунктте 57 қызметкер жұмыс істесе, ауданның 10 мәдениет үйінде барлығы 167 қызметкер бар.

Қызылқоға ауданы әкімдігі ұсынған материал

29 қараша 2023, 16:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.