Атырау, 26 қараша 09:37
 ашықВ Атырау +4
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Жол қателікті кешірмейді

837 просмотра

20-30 қараша аралығында қоғамдық тәртіпті сақтау, жол қауіпсіздігін қадағалау, қылмыстардың алдын алу және жолын кесу мақсатында «Құқықтық тәртіп» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Іс-шара аясында республикалық маңызы бар тас жолдарда Атырау облысы ПД жанындағы патрульдік полиция ротасының қызметкерлері жолда жүру ережесін бұзған 149 жүргізушіні анықтады.

Қауіпсіздік белдігін тақпаған 7, ҚР міндетті сақтандыру туралы заңын бұзған 8 адам жауапқа тартылды. 3 жүргізуші жүргізуші куәлігінсіз көлік жүргізген. Сондай-ақ, ксенон жарық шамдарын орнатқан 9 жүргізуші анықталды.

Ертеңгі күнге дейін патрульдік полиция қызметкерлері қала сыртындағы тас жолдарда жүргізушілерге түсіндірме жұмыстарын жүргізетін болады.

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА

29 қараша 2023, 17:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.