Атырау, 27 қыркүйек 18:21
 ашықВ Атырау +10
$ 478.54
€ 533.76
₽ 5.17

Сүйіндік ауылында 48 орындық спорт кешені салынып жатыр

554 просмотра

Құрманғазы ауданының Сүйіндік ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы жүруде. Бұл туралы аудан әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды. 

Нысан құрылысына тапсырыс беруші аудандық құрылыс бөлімі болса, бас мердігер «Номад Құрылыс компаниясы». 48 орындық спорт кешені 1 гектарға жуық аумақты қамтиды. Нысан барлық заманауи талаптарға сай жабдықталмақ. Кешенде баскетболға, волейболға арналған алаң, кіші футбол алаңы, воркаут спорт алаңы, жаттығу залдары, тренерлік кабинеттер мен жуыну бөлмелері қарастырылған.


-Заманауи спорт кешені ауыл тұрғындарына қажетті әлеуметтік нысандардың бірі. Тұрғындарды салауатты өмір салтына шақырып, бос уақыттарын тиімді өткізу үшін жүзеге асып жатқан мұндай жобалар қашан да мемлекет тарапынан қолдауға ие. Аталған спорт кешені ел игілігіне пайдаланылып, әлемдік додада өнер көрсететін спортшылар тәрбиеленеді деп сенемін.
Бүгінгі таңда жері тегістеліп, қазан шұңқырлары қазылып, іргетасы құйылуда. Қалған жұмыстар жоспарға сай кезең-кезеңмен жүргізіледі. Құрылыс материалдары жеткілікті,- деді аудан басшысы Абат Жанғалиев.

Айта кетейік, мердігер мекеменің мәлімдеуінше, спорттық кешен 2024 жылдың бірінші жартылдығында қолданысқа беріледі.

29 қараша 2023, 10:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.