Атырау, 25 желтоқсан 00:01
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 523.72
€ 544.09
₽ 5.20

Қала ортасындағы апатты үй-2: Мұқашевтар баспаналы болды

Сурет Бейнежазба
819 просмотра

Қаланың қақ ортасында сусыз, газсыз, жарықсыз, апатты үйде науқас қарындасымен жылдар бойы тұрып келген Салтанат МҰҚАШЕВ халықтың қолдауымен жаңа баспаналы болды.

Еске салсақ, 60 жыл бұрын салынған апатты үйде тұрып жатқан Салтанат ағаның қазіргі тұрмысы және халықтың көмегіне мұқтаж екендігі туралы бірер апта бұрын жазған болатынбыз.

«Харекет» қайырымдылық қоры және оның мүшесі «Өнер қырандары» театрының директоры Мадияр СЕРІКБАЕВ бастаған бір топ ерікті қорға халықтан жиналған қаражатқа Атырау ықшамауданынан 3 бөлмелі үй сатып алып беріп, қоныстойына қатысты.

Еріктілер алдымен ағалы- қарындасты моншаға, кейін сұлулық салонына апарып, шаштарын қиып, одан соң киіндіріп, жаңа қоныстарына алып барды.

С.Мұқашевтың айтуынша, қарындасы Майраның үйден шықпағанына 33 жыл болған екен. Ал өзі шаштаразға ең соңғы рет 23 жыл бұрын барғанын есіне алды.

Айта кетейік, Мұқашевтарға берілген баспана қайырымдылық бойынша ұсынылған 1083-баспана екен.


Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

Бейнежазбаны атыраулық еріктілер жолдады 

29 қараша 2023, 12:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.