Атырау, 21 маусым 18:24
 дождьВ Атырау +30.4
$ 488.37
€ 559.77
₽ 6.64

Өткен күннің жаңғырығы

696 рет қаралды
inbusiness.kz

1986 жылы 17-18 желтоқсандағы оқиғаға қатысқаны үшін Атырау облысынан ақталған бес адамға әлеуметтік көмек көрсетіледі. 

Жергілікті мәслихат шешімдеріне осы жылы енгізілген толықтыруларға сәйкес, Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғасына қатысып, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 14 сәуірдегі «Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы» Заңында белгіленген тәртіпке сәйкес облыс бойынша ақталған 5 тұлғаға 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне орай бір рет – 200 000 теңге мөлшерінде әлеуметтік көмек көрсетіледі.

Біздің өңірімізде 5 адам осындай мәртебеге ие болған. Оның 3-уі Атыраудан, 1-уі Қызылқоғадан,1-уі Жылыой ауданынан.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

29 қараша 2023, 11:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.