Атырау, 26 қараша 11:48
 ашықВ Атырау +4
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

«Мен кәсіпкермін» жобасы Атырауда жаңа ауыл шаруашылығы жобаларын жүзеге асырып жатыр

597 просмотра

Өңірде «Мен кәсіпкер» құралының «Кәсіпке бағыт» бағыты бойынша 57 адам оқуға қатысты. Соның ішінде бірқатар қатысушы жеке бизнес жобаларын іске асырып жатыр, деп хабарлайды өңірлік кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі.

Еске салсақ, биыл Атырау облысының кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы шеңберінде «Мен кәсіпкер» құралының «Кәсіпке бағыт» бағытын іске асыруды бастады. Бұл құрал кәсіпкерлік әлеуетті арттыру мақсатында біліктілік және бейіндік (кәсіптік) оқуды қамтиды.

Атырау облысының кәсіпкерлер палатасы жанындағы АӨК және тамақ өнеркәсібі комитеті бейінді оқудың мынадай түрлерін: өсімдік шаруашылығы бойынша – жылыжай шаруашылығы, мал шаруашылығы бойынша – ет бағытындағы ірі қара мал, ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу бойынша – сүтті қайта өңдеуді бекітті.

«Анықталған қажеттіліктер негізінде «Кәсіпке бағыт» бағыты бойынша Атырау облысында 57 адам оқыды. Жылыжай шаруашылығы бойынша - 22 адам, етті ірі қара мал – 19 адам және сүт өңдеу бойынша – 16 адам. Білім беру бағдарламасы жеке және/немесе топтық консультациялармен теория, практика және курстан кейінгі қолдауды (кемінде 3 ай) қамтыды. Оқуды практикалық сабақ өткізу үшін базалық шаруашылыққа бара отырып, тиісті саладағы білікті сарапшылар жүргізді. Оқуға қатысушылар өндірісті ұйымдастыру, жаңа технологиялар, шикізат пен жабдықтарды қолдану, мал шаруашылығы бағыттары бойынша ветеринариялық және санитариялық нормалар, сондай-ақ экономикалық шығындар мен өнімділік және өнімділікті арттыру бойынша білім алды», - деді Атырау облысы кәсіпкерлер палатасының бизнесті қаржылай емес қолдау бөлімінің басшысы Жанаргүл ЖОЛАМАНОВА. 

Қазіргі кезде оқу нәтижелері бойынша бірқатар қатысушы өз бизнесін бастады. Атап айтқанда, жылыжай шаруашылығы бойынша оқуға қатысқан  Нұрберген Дәулетов пен Ерлан Насыров өз қаражатына құрылыс материалдарын сатып алып, жылыжай салуды бастады. «Етті бағыттағы ІҚМ өсіру» оқуына қатысушы Ғалия Қанатова 63 бас ірі қара сатып алу үшін «Атырау болашақ» кредиттік серіктестігінен 25,8 млн теңге сомасында қарыз қаражатын алды. Ал сүт өңдеу курсының түлегі Тоқтар Төлегенұлы 400 АЕК көлемінде грант жеңіп алып, 1,5 млн теңге сомасына қымыз дайындауға арналған жабдық сатып алды.

28 қараша 2023, 14:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.