Атырау, 26 қараша 11:37
 ашықВ Атырау +4
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

«Мал ұрысы» іс-шарасы: қару, иесіз мал және құжаттардың жоқтығы

692 просмотра
freepik.com 

Атырауда бір күнде малды құжатсыз тасымалдап, сатқан 11 тұлға жауапқа тартылды.

Жедел-профилактикалық шара барысында мал және ет өнімдерін тасымалдайтын 46 автокөлік және ет өнімдерін сататын 30 базар мен 70 шаруа қожалықтары тексерілді. Облыстағы қыстақтардың бірінен аңшылық атыс қаруы табылып, тәркіленді. Енді қару иесі ҚР ӘҚБтК-нің 484-бабына («Азаматтық және қызметтік қару айналымы қағидаларын бұзу») сай заң алдында жауап береді. Оған 15 айлық есептік көрсеткіш көлемінде 51750 теңге айыппұл салынды.

Сонымен қатар, мал мен ет өнімдерін құжаттарсыз тасымалдаудың 8, ал мал мен ет өнімдерін құжатсыз сатудың 3 фактісі анықталды. 11 тұлға ҚР ӘҚБтК-нің 406-бабына («Ветеринариялық-санитариялық қағидаларды сақтамау») сай әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 379 500 теңге айыппұл салынды.

Іс-шара барысында ауыл шаруашылығы жануарлары иелерінің немесе олар уәкілеттік берген адамдардың қадағалауынсыз мал жаюдың 64 фактісі анықталып, ҚР ӘҚБтК-нің 408-бабына сай 64 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 331 200 теңгеге айыппұл салынды

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

28 қараша 2023, 09:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.