Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының мамандары Исатай ауданы Аққыстау ауылындағы «Барыс» дене шынықтыру кешенінің күрделі жөндеу жұмыстарына жоспардан тыс тексеру жүргізді.
Тексеру барысында кемшіліктер анықталып, мердігер ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес жауапкершілікке тартылып, кемшіліктерді жою жөнінде ұйғарым алды.