Атырау, 26 қараша 11:45
 ашықВ Атырау +4
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Еріксіз борышкерге айналғандар

640 просмотра
freepik.com 

Құрманғазы ауданы Кудряшов және Бөкейхан ауылдарының бірнеше ондаған тұрғыны газ ақысын тұрақты төлесе де, РЦКУ-ға қарыз болып қалған.

- Контолер 50-60 мың қарыз деген түбіртекті алып келгенде таң қалдық, - дейді ауыл тұрғындары. -Осыған таң-тамаша қалып отырмыз. Осы уақыт бойы газ үшін тұрақты төлеп келеміз. Газдың қымбаттағанын алдын ала ескертсе, қарыздың мұншалықты көбеюіне жол бермес едік.

Тұрғындар Құрманғазы ауданының әкімшілігіне хабарласқан. Басқа тұрғындар да борышкер болып шықты: Кудряшов ауылының 15 тұрғынынан бөлек, Бөкейхан ауылынан 54 адам қосылған.

Әкімшілік бұл жағдайды «АЖ» редакциясына былай түсіндірді:

«Құрманғазы ауданына қарасты Кудряшов, Бөкейхан ауылдық округ тұрғындарынан газ төлемі бойынша наразылық туындаған болатын. РЦКУ Атырау директоры Аполлон БЕКТАУБАЕВ шақыртылып, тұрғындар арасында түсінік жұмыстар жүргізілді. РЦКУ мекемесінің газ есептегіш құралын бақылаушы (контролер) тұтынылған газ көрсеткішін кем көрсетіп келген. РЦКУ есептегіштеріне қатысты проблемаға мониторинг жүргізу барысында сәйкессіздік анықтаған. Соған байланысты, тұтынылған газ ақысы көбейіп кеткен. Қазіргі уақытта бақылаушыға ескерту түрінде тәртіптік жаза берілді. Тұрғындар төлемақыны бөліп төлеу туралы келісімге келді».

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

27 қараша 2023, 22:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.