Қару «Құқықтық тәртіп» жедел-алдын алу шарасы барысында табылып, тәркіленді, деп хабарлайды Атырау облыстық ІІД баспасөз қызметі.
Қараша айының үшінші онкүндігінде облыста «Құқықтық тәртіп» республикалық жедел-алдын алу шарасы өтіп жатыр. Іс-шара барысында Махамбет аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері 23 қараша күні сағат 17:00 шамасында Махамбет ауылында орналасқан ескі қараусыз тұрған ғимараттан аңшылық қару тәркіледі.
Тексеру барысында 1962 ж.т. аудан тұрғынының екі ұңғылы аңшылық қаруды заңсыз сақтағаны белгілі болды.
Аталған азаматқа қатысты ҚР ҚК-нің 287-бабының 1- бөлігімен ("Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру") қылмыстық іс-қозғалып, айғақ зат баллистикалық сараптамаға жолданды.
Тәртіп бұзушыға жаза ретінде мүлкін тәркілеумен немесе тәркілеусіз 200 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл салу немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстары, не 180 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту, не 50 тәулікке дейін қамауға алу жазасы қарастырылуы мүмкін.