Атырау, 26 қараша 11:46
 ашықВ Атырау +4
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Жылыой ауданы әкімінің орынбасары тағайындалды

940 просмотра

Аудан әкімінің өкімімен аудан әкімінің орынбасары лауазымына Нұрболат САРМАНОВ тағайындалды. Ол бұған дейін Атырау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарды, деп хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.

Сарманов Нұрболат Әлібекұлы 1982 жылы Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы ауылында дүниеге келген.

Нұрболат Әлібекұлы Ақтөбе қаласындағы Батыс Қазақстан экономика және қаржы институтының колледжін үздік дипломмен аяқтап, қаржыгер мамандығын алған. 2001 жылы Атырау мұнай және газ институтына түсіп, мұнай және газ саласындағы экономист мамандығын тәмәмдаған.

2014-2016 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына оқуға қабылданып, мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі ғылыми атағын иемденген. Академия саласында алғыс хаттарға ие болып, Париж қаласында біліктілігін арттырған.

Еңбек жолын 2001 жылы Қызылқоға аудандық мәслихатында бас есепші болып бастады.

2001-2002 жылдары Қызылқоға аудандық денсаулық сақтау бөлімінде экономист, 2002-2007 жылдары салық қызметінің аудит саласында бас маман, 2007-2011 жылдары Атырау қаласына ауысып, салық қызметінің аудит саласында жеке және заңды тұлғалар бөлімінде бас маман, бөлім басшысы қызметін атқарған.

2011-2012 жылдары Атырау облысы тексеру комиссиясында бас маман, бөлім басшысы лауазымында болып, 2012-2018 жылдары Қызылқоға ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы қызметін атқарған. 2018-2021 жылдары Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер Департаментінің басқармаларында басшылық қызметте болған. 2021-2023 жылдары Мақат ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы, 2023 жылдың сәуір айынан бүгінге дейін Атырау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары болып қызмет атқарып келген.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

27 қараша 2023, 17:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.