Атырау, 27 қыркүйек 18:25
 ашықВ Атырау +10
$ 478.54
€ 533.76
₽ 5.17

Ата-аналары жауапқа тартылды

625 просмотра

Полицейлер Исатай мен Махамбет атындағы орталық алаңда шахмат фигурасын сындырған екі жасөспірім бұзақыны ұстады.

«Әлеуметтік желілерде шахмат фигуралары сынып жатқан шахмат тақтасы бейнеленген видео таралған еді. Осы дерек бойынша екі жасөспірім анықталды. Олардың ата-аналары ҚР ӘҚБтК 127-бабының 1-бөлігі («Тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау») бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жасөспірімдерге түсіндірме жұмыстары жүргізілді», - деп хабарлады полиция.

Айта кетейік, бұл шахмат фигуралары орталық алаңға 2019 жылы «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В.» (NCOC) компаниясы ауқымды қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізгеннен кейін орнатылған болатын.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

27 қараша 2023, 17:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.